«Эвексия» шашыраңқы склероз ауруына шалдыққан науқастарды оңалту орталығында біз бекітілген хаттамаларға сәйкес қызмет көрсетеміз және халықаралық дәрігерлік және оңалту қауымдастығымен мақұлданған кестелерді де, сондай-ақ дүние жүзі бойынша оңалту орталықтарындағы оңалту әдістемелерін қолдану нәтижелерін параллельді талдау арқылы клиникалық көріністің нәтижелерін бағалаймыз.
Бірегей қарқынды оңалту бағдарламалары әлемдік тәжірибеде әлдеқашан бар табысты әдістемелерді пайдалануға, ережелер мен нұсқаулықтарға, әр адамға жеке-жеке медициналық қызмет көрсету амалына және науқастарға күтім жасауға негізделген.
Біздің қызмет көрсетуіміздің жоғарыда көрсетілген маңызды құраушыларымен қатар біздің тату ұжымымыз өз ісіне махаббаты мен құрметін сіңіре отырып, науқастың барлық дәмелерін барынша қанағаттандыруға тырысады.