scroll down

«Эвексия» медициналық қалыпқа келтіру орталығы туралы

МІНСІЗДІК
жанмен қатынастағы

Эвексия ең жаңа оңалту әдістемелерін ұсынады.

Компания туралы

Эвексия» заманауи неврологиялық оңалту орталығы бүкіл медициналық қызметтер шоғырын көрсетеді (басты бағыт – инсульттан кейін оңалту), оларды көрсету үшін жалпы медициналық бағыттағы тарбағытты қимылдарға арналған медициналық жабдықтармен де, арнайы мамандандырылған оңалту жабдықтарымен де жарақталған.

Медбикелік бекеттер, тәжірибелі дәрігерлік және орташа медициналық құрам – барлығы қимыл мен когнитивтік бұзылыстары және мінез-құлық ауытқулары бар науқастарды емдеуге жұмылдырылған. Біздің мақсатымыз — сондай ауытқулары бар науқастарды олар ең болмағанда, өзіне-өзі қызмет көрсете алатындай етіп қалпына келтіру.

Отбасыдағы, жұмыстағы, үйренген ортадағы өмірге оралу – әлбетте, біздің ақтық мақсатымыз.

Орталық мамандары жұмысының негізі ұзақ мерзімді стратегиялық хаттама болып табылады, оған әрбір науқастың оңалту жоспарына қарай, өзгертулер енгізіліп отырады. Оңалту бағытындағы науқастардың дәл осылай бабын табу «Эвексия» қалпына келтіру емі орталығының медициналық оңалту қызметтері нарығындағы өз үлесін айтарлықтай арттыруына және бұған қоса, керуеттер қорының 100% пайдаланылу көрсеткішіне қол жеткізуіне әкелді.

«Эвексия» неврологиялық оңалту орталығы Халкидики түбегінде халықаралық әуежайдан 18 км жерде орналасқан. Орталықтың кереуеттер қоры 165 бір орындық және екі орындық палаталардан, сондай-ақ тиісті медициналық шаралар жүргізілетін қарқынды терапия палаталарынан тұрады. Орталық дербес микробиологиялық бөлімшесімен және сәулелі диагностика бөлімшесімен, алғашқы медико-санитарлық көмек бөлімшесімен (АМСК) жарақталған. Диагностика бөлімшесі мен зертханалық блок бар

 

Біздің саясат келесілерден тұрады:

  1. Оңалту үдерісінің әр сатысында науқасқа кеңес берушілік көмек көрсету,
  2. Медициналық және қосымша қызметтердің сапасын тексерудің қатал стандарттары.
  3. Орталық қызметкерлерінің білім алуын және біліктілігін арттыруын инвестициялауға қаражат бөлу,
  4. Мамандар жұмысы нәтижелерінің сенімділігі — медициналық қызмет көрсетудің басты қағидасы.

Біздің фирмалық белгіміз брендке айналды, бүкіл Грекия «Эвексия» орталығы туралы біледі. Біз қол жеткізген табыстарымызда тоқтамаймыз, бұған қоса, біз өз брендімізді халықаралық медициналық және оңалту қызметтері нарығында нығайту бағытында белсенді жұмыс жасаймыз.

Айтпақшы, «Эвексия» қалыпқа келтіру емі клиникасы — бұл Грекиядағы медициналық туризм саласындағы ізашар. Бізде Еуроодақ елдерінен, Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан және Египеттен келген науқастар емделеді.

Айта кететін жайт, жәрдемақылар азайтылып, медициналық қызметтер бағасы артып жатқан көптеген әлем елдеріндегі денсаулық сақтауға керісінше, «Эвексия» деңгейі ұзақ мерзімді инвестициялармен қамтамасыз етілген ең жоғарғы сапа стандарттарына сәйкес көрсетілетін экономикалық тиімді оңалту қызметтерін ұсынады.

БАСТАПҚЫ МІНДЕТ

Науқасқа әр емделу сатысында көмек беру.

ЭВЕКСИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

Эвексия стратегиясының негізгі элементтері медициналық қызметтер сапасының берік әрі ұзақ мерзімді жақсаруына бағытталған:

  • орталық науқастары патологияларының кеңейіп жатқан түрлерін ескере отырып, терапевтік хаттамалар әзірлеу,
  • икемділік және әрбір клиникалық ауыр жағдайларға тез бейімделу қабілеті,
  • ғылыми-зерттеу жұмысы және инновациялар ендіру,
  • оңалту манипуляциялары жүйелерін және жаңа технологияларды әзірлеу мен ендіру.

 

 

ОРТАЛЫҚ БОРЫШЫ

Біздің борышымыз — науқастардың өмір сапасын жақсарту және оларға жоғалтқан машықтарын қалпына келтіруге көмектесу немесе жаңаларын игеруді үйрету.

БІЗ ҚАЛАЙ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШЕМІЗ
және науқастардың өмір сапасын жақсартамыз

Бүкіл оңалту орталығының басты
міндеті – науқастарға жоғалтқан машықтарын
қалпына келтіруге көмектесу және өмір сапасын жақсарту.

Орталықтың іргелі құндылықтары

  • жауапкершілік
  • қағидаларға беріктік
  • шығармашылық көзқарас
  • тиімділік
  • сапа
  • кәсібилік
  • жаңашылдық
  • топтық жұмыс

 

«ЭВЕКСИЯ» ОРТАЛЫҒЫ ЕҢБЕГІНІҢ МӘДЕНИЕТІ

 

  • Біз өз ісімізді жақсы көреміз
  • Тіпті, орталық қызметкерлері медицинаның әр түрлі бейінді салаларында маманданғанымен, олардың жұмылған жігері біртұтас міндетті шешуге бағытталған.
  • Әрбір науқастың клиникалық көрінісінің дара ерекшеліктеріне ерекше назар аударылған. Сол себепті, біз әр науқасты отбасы мүшесі ретінде қарастырамыз, бұл клиникалық көріністің бірегей бөлшектерін анықтауға көмек береді.

 

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІМІЗ

Біз ең жаңа ғылыми әзірлемелерді бақылауға және олардың ең үздіктерін орталық науқастарының пайдасына қолдануға міндеттенеміз. Біздің өз-өзімізді жақсартуға және медициналық қызметтер сапасын арттыруға деген талпынысымыз жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге итермелейді. Біз науқастардың өмір сапасына жағымды әсер ететін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысамыз.

Медицинские изыскания направлены на скорейшую реабилитацию

Егжей-тегжейлі зерделеу және клиникалық көріністі талдау оңалту іс-шараларының дараланған жоспарын әзірлеуге көмек береді.

  • Біз науқастардың клиникалық мәселелеріне және ең жақсы терапевтік нәтижелерге қол жеткізу үшін қолданымды ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне назарымызды қадай отырып, жұмыс істейміз.
  • Біз Еуропалық одақтың денсаулық сақтауды жақсарту бағдарламалары мен инновацияларына белсене қатысамыз.
  • Біз әр науқасқа арналған дара бағдарламалар әзілейміз.
  • Егде науқастарға жеке назар бөлінеді.
  • Біз науқастың тұрғылықты ортасында ұтымды қолданылуы мүмкін эргонометриялық шешімдер әзірлейміз.
  • Біз ғылыми-зерттеу ізденістеріне белсене қатысамыз, сондай-ақ жаңа оңалту әдістемелерін сынаймыз.
  • e–HEALTH және e–REHABILITATION электронды қызметтері қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ емделу саяхаттарына назар аударыңыздар

Біз дәлелді
нәтижелерге тез арада жете АЛАМЫЗ

Мықты топ, ғылыми жұмыстағы білім мен жинақталған тәжірибе, науқастар мен олардың отбасының әл-ауқатына деген шынайы алаңдаушылық – бұл Эвексия оңалту орталығының құраушылары. Дәл осы тамаша жағдаяттар комбинациясының арқасында біз дәлелді нәтижелерге ең қысқа мерзімде жете аламыз.

Біздің артықшылықтарымыз

  • Біз медициналық оңалту қызметтерін 20 жылдан астам уақыт бойы көрсетудеміз.
  • Біздің неврологиялық бағыттағы науқастармен жұмыс жасау жөніндегі зор тәжірибеміз бар.
  • Тәжірибелі докторлар мен физиотерапевттер тобы ғылым мен технологиядағы соңғы жетістіктерді мұқият бақылай отырып, жылдар бойы сыналған және өзін-өзі жақсы танытқан оңалту бағытындағы әдістемелерді пайдаланады.
  • Жаңа терапиялық және оңалту әдістемелері.
  • Науқастардың амандығын және жоғары сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету үшін біздің барлық қызметтеріміз – дәрігерлік және медбикелік – үш халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған.

Біз келесі стандарттар бойынша сертификатталғанбыз:

      • Сертификат ISO 9001 жоғары сапалы медициналық оңалту қызметтерін көрсеткеніміз үшін Эллада тәуелсіз техникалық сараптама ұйымдарының одағымен берілген.
      • Сертификат ISO 22000 орталық аумағындағы тамақтанудың қауіпсіздігі үшін Эллада тәуелсіз техникалық сараптама ұйымдарының одағымен берілген.

 

  • Шетелден келген науқастармен жұмыс істеу бөлімі.
  • Орталыққа жатқызу сәтінен бастап шығару сәтіне дейінгі барлық қызметтердің адалдығы, сенімділігі және қауіпсіздігі.
  • Қызметкерлердің достық ахуалы мен шын көңілден ілтипаты сізге өзіңізді үйдегідей сезінуге көмектеседі.

Біз қалай жұмыс істейміз

«Эвексия» шашыраңқы склероз ауруына шалдыққан науқастарды оңалту орталығында біз бекітілген хаттамаларға сәйкес қызмет көрсетеміз және халықаралық дәрігерлік және оңалту қауымдастығымен мақұлданған кестелерді де, сондай-ақ дүние жүзі бойынша оңалту орталықтарындағы оңалту әдістемелерін қолдану нәтижелерін параллельді талдау арқылы клиникалық көріністің нәтижелерін бағалаймыз.

Бірегей қарқынды оңалту бағдарламалары әлемдік тәжірибеде әлдеқашан бар табысты әдістемелерді пайдалануға, ережелер мен нұсқаулықтарға, әр адамға жеке-жеке медициналық қызмет көрсету амалына және науқастарға күтім жасауға негізделген.

Біздің қызмет көрсетуіміздің жоғарыда көрсетілген маңызды құраушыларымен қатар біздің тату ұжымымыз өз ісіне махаббаты мен құрметін сіңіре отырып, науқастың барлық дәмелерін барынша қанағаттандыруға тырысады.

 

X
Заказать обратный звонок

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×