scroll down

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңалту дегеніміз не?

Оңалту деп науқастың өзін-өзі күту қабілеттерін қалпына келтіруге, интеллектуалды қабілеттерін қалпына келтіруге, жүрісін қалпына келтіруге бағытталған барлық дәрігерлік және медбикелік іс-шаралар топтамасын айтады, қорыта келгенде, оңалту – бұл үй ішіндегі қалыпты өмірге оралуға арналған жол.

 

Оңалту орталығы дегеніміз не?

Оңалту орталығы — бұл алғашқы медициналық көмек ауруханасынан шығарылған науқастарды өз аумағына жоғалған немесе бұзылған қабілеттерін қалпына келтіру үшін қабылдайтын тиісті деңгейдегі емдеу-профилактикалық мекемесі.

Оңалту орталығының аумағында сан түрлі жабдықтар бар: жоғары технологиялы роботтандырылған және компьютерлендірілген. Жабдықтардың көмегімен денсаулық сақтау индустриясының кәсіпқойлары жүрісті, моториканы, тік тұру күйін сақтау қабілетін, жазбаша және ауызша сөзді сөйлеу мен түсіну қабілетін қалпына келтіруге, жұту әрекетін, сезімталдығы мен мінез-құлық реакцияларын қалпына келтіруге, бұзылған қышқыл түзілуді түзетуге және созылмалы ауырсыну синдромын жоюға көмек береді.

 

Неліктен ауруханадан шыққан соң оңалту емі қажет?

Еуропа елдерінде оңалту – бұл емделу үдерісінің қажетті және міндетті шарасы.

 

Оңалту не үшін керек?

  • Оңалту науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін маңызды асқынулардың даму тәуекелін болдырмайды.
  • Ол толық сауығуға дейінгі уақыттың қысқаруын қамтамасыз етеді.
  • Сауығу мерзімінің ұзартылуы түзетуге келмейтін өмір бойғы бұзылулардың дамуына әкеп соғуы мүмкін.
  • Егжей-тегжейлі қарасақ, неврологиялық проблемалар ең күрделі болып көрінетінін байқауға болады: сал аурулары, мінез-құлықтың бұзылуы, интеллектуалды қызметтің бұзылуы, сөйлеудің және айтылғанды немесе жазылғанды түсінудің бұзылуы, тамақ қабылдау қабілетінің проблемалары. Мұндай шалдығуларды тек қана оңалту орталықтарында болатын мамандандырылған бөлімшелерде емдеуге болады.
  • Егде адамдардың ағзасы жастардың ағзасы сияқты қалпына келе алмайды, осыдан күрделі асқынулардың дамуына алғышарттар пайда болады.
  • Көптеген толықтай табысты сауығу немесе көрінеу жағымды өзгеріс жағдайларында жоғары технологиялы жабдықтар, көз жазбай бақылау және мамандандырылған оңалту бағдарламалары пайдаланылғаны атап өтілген.
  • Сауатты оңалту бағдарламалары әр мемлекеттің денсаулық сақтау экономикасына зор үлес қосады.

 

 

 Мінсіз оңалту орталығын таңдау үшін науқас қандай өлшемдермен пайдалануы тиіс?

Егер де кімде-кім оңалту орталығын іріктеудегі басты өлшем қызметтердің бағасы, ал қосымша өлшемдерге қолайлы орналасу, үйге дейінгі қашықтық жатады деген тұжырымды ұстанса, онда біз мұқият ойлануды және шынайы құндылықтарды таразылауға кеңес береміз.

Отбасы мүшелерінің медициналық қызметтермен пайдалануына мүмкіндік беру үшін қауіпсіздік маңызды өлшем болып табылады ма?

 

Қандай факторлар денсаулықтың сақталуы мен тез жазылудың қауіпсіздігіне шынайы кепілдік бере алады?

Біздің пікірімізше, денсаулық сақтау индустриясының кәсіпқойларын таңдауда келесі бес факторды пайдалану қажет:

✔ Қызметтері сенімге лайық

✔ Дәрігерлік және медбикелік қызметкерлердің көмектесуге дайын болуы

✔ Науқаспен айналысудың дерт туралы нақты түсінік қамтылған стратегиясы әзірленген

✔ Үздік статистикалық көрсеткіштер

✔ Сіз сенім артатын тұлғалардың пікірлері мен ойлары

Бізге сенуге болады

Сенімділік — бұл жатқан сәттен бастап шыққанша дейін орталық аумағында көрсетілетін барлық қызметтерге қатысты параметр. Мұның мәні «біз айтсақ, істедік».

Дәл осы мақсатта біз мұқият әзірлеген сертификаттау жүйесі қателер мен олқылықтарды жібертетін мүмкіндіктердің саны мен сапасын азайта отырып, қызметтерді стандарттауды қамтамасыз етеді.

 

Сертификатталған қызметтер және сертификатталған қызметкерлер

Сертификатталған қызметтер, медициналық қызметкерлер, медбикелер және жабдықтар нәтижесінде, сертификатталған оңалту қызметтерін береді. Сапаны сақтау үшін біз үнемі жабдықтарды тексеріп, қызметкерлерді тестілейміз.

Эвексия оңалту орталығы үш халықаралық сертификаттау стандарттарына сәйкес сертификатталған:

 

  • TUV HELLAS әзірлеген ISO 9000, сапалы медициналық қызметтер мен медициналық оңалту іс-шараларын қамтамасыз ету үшін.
  • TEMOS (Trust — сенім, Effective — тиімділік, Medicine — медициналық, Optimized — оңтайландырылған, Services — қызметтер) орталықтың шүбәсіздік деңгейін, оның оңалтудағы және жалпы, медициналық қызметтер ортасында тиімділігін стандарттау үшін.
  • TUV HELLAS әзірлеген ISO 22000 тамақтануды стандарттайды.

Медициналық қызметтер көрсетудің шығыс бөлігінің ұлғаюына қарамастан, сертификатқа ие болу және оны жыл бойы сақтау бұл медициналық қызметтің ең үздік сапасын қамтамасыз ету үшін абсолютті талап.

Әр орталықта құжаттамасын, сертификаттарын және аккредитацияны сұраңыз.

 

Медициналық қызметкерлердің дайындығы

Қызметкерлердің дайындығы медициналық қызметтердің лайықты түрде көрсетілуін, сабақтастығын, сондай-ақ шұғыл жағдайларда тез әрекет ету дайындығы мен қабілетін қамтамасыз етеді (көгілдір код). Дәрігерлер мен медбикелердің мамандандырылған тобы медициналық көмек көрсету кезінде медициналық жабдықтармен пайдалана отырып, қатаң хаттамаларға сүйенеді.

 

Науқаспен айналысудың дерт туралы нақты түсінік қамтылған стратегиясы.

Тәжірибе, білім, сауатты ұйымдастыру және үйлестіру — бұл сауығу жолында науқаспен табысты айналысудың басты тетіктері.

Біз оңалтумен 21 жыл бойы айналысудамыз. Біздің жинаған тәжірибеміз бен біліміміз, ғылыми ізденістер мен ғылыми-техникалық ілгерілеудің нәтижелерін бағалау, мамандардың әр түрлі елдерде алған медициналық біліммен күшейтілген қызметкерлердің ұдайы жаттығуы және оңалту мәселелері бойынша конгресстер мен конференцияларға үнемі қатысуы, жер шарының әр түрлі медициналық орталықтарынан алынған, пысықталған әдістемелер, ең жаңа және барынша ілгері жабдықтар мен технологияларды пайдалану бізге оңалту қызметтерін көрсету нарығында біздің құндылығымызды арттыруға мүмкіндік береді. Біздің қызметкерлер халықаралық конференцияларға қатысады, содан соң орталық орталық қабырғасында алған ақпаратымен бөліселі.

Үздік статистикалық көрсеткіштер.

Орталық жұмысының статистикалық көрсеткіштері — орталық жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін индикаторлар. Бұл сырттан көрінбейтінді көруге және бағалауға мүмкіндік беретін рентген сәулелендіруіне ұқсайды.

Жоғары стандартты қызметтің мұндай индикаторларын көптеген елдерде барлық сақтандыру компаниялары пайдалануда. Олар мұны медициналық қызметтер провайдерлерін, коммерциялық және мемлекеттік, оңалту орталықтарын және т.б. топтастыру үшін пайдаланады. Медициналық қызметтерді тұтынушылар, яғни, науқастар сондай-ақ сақтандыру компаниялары пайдаланатын градациямен таныс және соған сүйене отырып, олар медициналық мекемені таңдайды.

Мекеме жұмысының көрсеткіштерін сұрап, оларды бағалаңыз.

  • Сенім артатын адамдарымыздың ойлары мен пікірлері.
  • Туыстарыңызға, таныстарыңыз бен достарыңызға жүгініп, оларға қызметтердің жеткізушісі ретінде қарастырып отырған орталықтағы оңалту қызметтерінің сапасы жөнінде сұрақтар қойыңыз.
  • «Таңдаған орталығыңыз медициналық қызметтердің толық топтамасын орынды бағамен көрсете ме?» деген сұрақ қойыңыз.
  • Біздің орталық туралы сұрақ қойыңыз.

 

Тез әрі тиімді оңалту

Кез келген орталықта қолжетімді және сирек кездесетін мамандандырылған заманауи жабдықтарды қолдану, ең озық және әлемдік дәрігерлер қауымдастығымен мақұлданған оңалту қызметтерін пайдалану, сондай-ақ денсаулық сақтау аясындағы сандық технологиялар саласындағы  ең озық әзірлемелерді пайдалану — міне, осылар оңалту қызметтері нарығындағы барлық өзге бәсекелестер арасынан нағыз кәсіби орталықты ажыратуға мүмкіндік береді.

  • Тез сауығу
  • Оңалту іс-шараларының нәтижелері бәсекелестердегі нәтижелерден айтарлықтай артық
  • Сауығу жолында науқаспен айналысудың тиімді жүйесі

 

X

X

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×