scroll down

Сіздің қамыңызды жейтін топ

Басты назарда науқас пен оның күнделікті мұқтаждықтарын ұстайтын Эвексия тобына қосылатын әр адам оның белсенді қатысушысына айналады. Олардың әрқайсысымен және олардың сіз үшін істеп жатқан еңбегіне деген көзқарасымен танысып көріңіз.

Кандилакис Манолис l Врач-реабилитолог (главный врач) - Evexia Кандилакис Манолис l Врач-реабилитолог (главный врач) - Evexia

Кандилакис Манолис

Оңалтушы дәрігер (бас дәрігер)

Біздің міндетіміз – адамға жоғалтқан мүмкіндіктерін қайтару. Біздің терапия бөлімшелеріндегі жұмысымыздың қағидасы әр адамның мұқтаждықтарына негізделген және оларды орындауға бағытталған.

View CV

Эммануил Кандилакис

Оңалтушы дәрігер

Дәрігер Пиреас қаласында туып, өсті, мектепті де сонда бітірді. 1998 жылы Афины қаласындағы Медицина университетін тәмамдады. Нәтижесінде, ол КАТ ауруханасында (терапия бөлімшесі) Оңалтушы мамандығы бойынша 3 ай, Педон Панделис ауруханасында (ортопедия және неврология бөлімшесі) 1 жыл және Ұлттық Оңалту Орталығында (Физикалық оңалту бөлімшесі) 3,5 жыл жұмыс істеді. 20/07/2009 жылы – Физикалық Оңалтушы мамандығын игерді.

2004 жылдан 2005 жылға дейін Тяньцзинь қаласында ТСМ университетінде инемен емдеуге маманданған, дәстүрлі қытай медицинасын оқыды. Бүгінде инемен емдеу бойынша нұсқаушы болып табылады.

Ұлттық Оңалту Орталығында ғылыми қызметкер боп 3,5 жыл және Анелкси амбулаторлық емдеу оңалту орталығында 2009 жылдың маусым айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Эвексия Оңалту орталығында ғылыми қызметкер боп жұмыс істейді.

Ол Грек медицинасы мен Физикалық оңалту компаниясының, Қытай медицинасының грек ассоциациясының мүшесі Салоники қ. Мемлекеттік Университеттік ауруханасы жанындағы университеттік нейрохирургия клиникасының ғылыми қызметкері болып табылады.

Стефас Левтерис l Лечебно оздоровительные туры - Evexia Стефас Левтерис l Лечебно оздоровительные туры - Evexia

Стефас Левтерис

Оңалтушы дәрігер (физиатр)

Бір кішкене қимыл, бір сөз, бір қадам – бұл бүкіл біздің тобымыздың шынайы қуанышы және мақтанышымыздың себебі.

Мантзуранис Афанасиос l Врач-рентгенолог - Evexia Мантзуранис Афанасиос l Врач-рентгенолог - Evexia

Мантзуранис Афанасиос

Рентгенолог дәрігер

Ең жіңішке бөлшектерге көңіл бөле отырып, біз ең қиын мақсаттарға жете аламыз.

View CV

Афанасиос Мантзуранис

Рентгенолог дәрігер

Дәрігер Митилини аралында туып-өсті, бастауыш және орта білімін сонда алды. 1997 жылы Румыниядағы Ясск Медицина Университетін тәмамдады. Нәтижесінде, Рентгенолог мамандығы бойынша келесі жерлерде оқыды:

1) Митилини аралындағы Востанио ауруханасы 2002-2003 жылдары.

2) Салоники қаласындағы Мемлекеттік Университеттік ауруханасында 2004-2008 жылдары. 15/02/2009 Рентгенолог мамандығын игерді.

Upright MRI және оны пайдалану бойынша Fonar, Melville, NY, USA 2010 жылы маманданудан өтті. 2011-2014 жылдары Салоники қаласындағы Upright MRI диагностикалық орталығында рентгенолог дәрігер ғылыми жетекші болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Эвексия Оңалту орталығында Рентгенолог дәрігер ретінде жұмыс істейді

Грек Рентгенология Қоғамының, Солтүстік Грекия Рентгенологиялық Қоғамының мүшесі және International Weight Bearing Imaging Society (IWBIS) негізін салушы болып табылады.

Сапарданис Никос l Врач-Пульмонолог - Evexia Сапарданис Никос l Врач-Пульмонолог - Evexia

Сапарданис Никос

Пульмонолог дәрігер

Ең бастысы – бұл науқасқа және оның отбасына оның сенімді қолға түскенін сездіру. Білім мен тәжірибеден тек адалдық пен шынайылық қана асып түсе алады.

View CV

САПОРДАНИС ИОРДАНИС

Пульмонолог дәрігер

Дәрігер Сапорданис Иорданис 50 Онкологиялық Зерттеу Хаттамаларына қатысты, оның қоржынында халықаралық және 20 грек конференцияларында баяндалған 10 зерттеу жұмысы бар. Сонымен қатар оның грек журналдарында 14 және халықаралық журналдарда 5 басылымы жарияланды.

Ол 2009 жылы Салоники қаласында 18-ші Бүкілгректік төс қуысы аурулары бойынша конференцияда үздік баяндама үшін 2-ші орынмен марапатталды.

Өкпе онкологиясы саласында мамандану

Инвазивті пульмонологии – бронхоскопия саласында мамандану

Эргоспирометрияда және кардио-тыныс алу ауруларымен ауратын науқастарды оңалтуда мамандану

Жарақат жұқпалары мен ойықтар саласында мамандану. ΑLS сертификаты

Салоники қаласындағы «Теагенио» онкологиялық ауруханасында пульмонологиялық онкологияның және Бронхоскопия бөлімшесінің ғылыми қызметкері

1993 жылы – Медицина Университетін тәмамадады.

1993-1996 – Сербиядағы Белгород қаласында Университеттік хирургия клиникасында жалпы хирургия бөлімшесінде тәжірибеден өтті.

1997-2000 – Салоники қаласындағы «Теагенио» онкологиялық ауруханасында Патология және Онкология бөлімшесінде тәжірибеден өтті.

2001-2003 – ALEXANDER THE GREAT CHAPTER Салоники қаласындағы AHEPA ұйымында бас хатшы.

2000-2004 – H.O.R.G. Грек онкологиялық зерттеу тобында зерттеу хаттамаларының зерттеушісі, тәлімгері және үйлестірушісі.

2003-2004 – Салоники қаласындағы «Теагенио» онкологиялық ауруханасында Пульмонология және Онкология бөлімшесінде тәжірибеден өтті.

2007-2010 – Салоники қ. Папаниколау ауруханасындағы  Университеттік пульмонология клиникасында Пульмонология бөлімшесінде тәжірибеден өтті.

2009 — MEDICAL THORACOSCOPY  ERS SCHOOL тәжірибеден өтті.

2014 – Каподистрия атындағы Афины ұлттық унивеситетінде Эргоспирометрия және Оңалту Клиникасында мамандық игерді.

Стаматоянис Никос l Врач - Кардиолог-реаниматолог - Evexia Стаматоянис Никос l Врач - Кардиолог-реаниматолог - Evexia

Стаматоянис Никос

Кардиолог-реаниматолог дәрігер

Мақсатқа жету үшін дәрігерлер тобы мен науқас біртұтас болуы керек. Мен әрдайым «дәрігер науқастың қамын жеуі және оған ықылас білдіруі тиіс, ал оның жүрегі ылғи жылы болуы тиіс» деген пікірді ұстанамын.

View CV

Стаматоянис Никос

Кардиолог — реаниматолог

1970 жылы 28 мамырда Афины қаласында дүниеге келді. 1997 жылғы қыркүйекте Александруполи қаласында Димокритийдің  Сракийск Университетінде медицина факультетін тәмамдады.

1999 жылғы желтоқсаннан бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін – Серрес қ. қалалық клиникалық ауруханасында терапевтік бейіндегі маман ретінде тәжірибеден өтті. 2002 жылғы желтоқсаннан бастап 2006 жылдың желтоқсанына дейін – Ларис қ. қалалық клиникалық ауруханасында кардиолог ретінде тәжірибеден өтті. 2007 жылғы ақпанда кардиолог-дәрігер мамандығын игерді.

2007 жылғы мамырдан бастап 2009 жылғы мамырға дейін – Ларис қ. Университеттік ауруханасы жанындағы жан сақтау бөлімінде реаниматолог ретінде тәжірибеден өтті. 2009 жылы реаниматолог-дәрігер мамандығын игерді.

Георгиадис Триандафилос l Врач-реабилитолог (физиатр) - Evexia Георгиадис Триандафилос l Врач-реабилитолог (физиатр) - Evexia

Георгиадис Триандафилос

Оңалтушы дәрігер (физиатр)

Әр жағдай – бұл жаңа сынақ. Әр науқас – бұл ең жақсы нәтижелерге жету үшін адал қолдау мен көмекті қажет ететін жаңа дос.

View CV

Георгиадис Триандафилос

Оңалтушы дәрігер

Салоники қаласында туып-өсті.

Сербия, Нови-Сад қаласында 1998 жылы медицина университетін бітірді.

2000 жылы әскердегі қызметін аяқтап, 2002-2004 жылдары ауыл дәрігері болып жұмыс істеді.

Сонан соң Игуменица қ. Фильятон Жалпы ауруханасында алғашында Патология саласындағы физикалық медицина және оңалту дәрігері мамандығы бойынша (2004 жылы), одан әрі Триполис қ. Психиатриялық Клиникада Неврология саласында (2005-2006 жылдары) және 2008-2012 жылдары Ұлттық Оңалту Орталығында физикалық медицина және оңалту саласында жұмыс істеді, 2012 жылғы маусым айынан бастап физикалық медицина және оңалту дәрігері мамандығын игерді.

С Августа 2012 жылғы тамыз айынан бастап Эвексия Оңалту орталығында оңалтушы дәрігер болып жұмыс істеуде.

Сонымен қатар ол буын ішіне салынатын инъекцияларды, түйілуді емдеуге арналған ботулотоксин инъекцияларын үйренді, сондай-ақ Acu Science Халықаралық Жоғарғы Оқу Орнынан кейінгі орталықта 2 жыл бойы инемен емдеуді үйренді.

Ол Грекиядағы Физикалық медицина және Оңалту қоғамының мүшесі болып табылады.

Хатзизу Анастасия l Микробиолог - Evexia Хатзизу Анастасия l Микробиолог - Evexia

Хатзизу Анастасия

Микробиолог

Біз үшін науқас тек сөзбен ғана емес, іспен де көрсетілетін кәсіби қолдауды қажет ететін біздің отбасымыздың мүшесі болып саналады.

Врохидис Никос l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia Врохидис Никос l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia

Врохидис Никос

Терапевт (физиотерапия бөлімшесі)

Нағыз қуаныш – бұл науқастың сенің көз алдыңда бұрынғы өмір қалпына қайта оралып жатқанын көру.

Михаилиду Мария l Главная медсестра - Evexia Михаилиду Мария l Главная медсестра - Evexia

Михаилиду Мария

Бас медбике

Біз науқастың барлық қажеттіліктері мен тілектерін жақсырақ білу үшін әрдайым оның жанында болуымыз керек. Біз оған жылулық пен біз бәріміз бір отбасыдай сезім сыйлаймыз.

Калогиру Гиоргос l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia Калогиру Гиоргос l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia

Калогиру Гиоргос

Терапевт (физиотерапия бөлімшесі)

Басты сәт – бұл әр науқастың өз бабын таба білу. Біздің жалғыз шектеуіміз – бұл уақыт. Бірақ мен бір нәрседе сенімдімін – бірге біз табысқа жетеміз.

Вука Хриса l Медсестра - Evexia Вука Хриса l Медсестра - Evexia

Вука Хриса

Медбике

Шынайы күлкі мен жылы жанасу – әлемдегі ең жақсы дәрілердің бірі.

Мягкая кукла l Реабилитационный центр Эвексия Мягкая кукла l Реабилитационный центр Эвексия

Цобани Мария

Терапевт (физиотерапия бөлімшесі)

Түсіністік пен психологиялық қолдау – бұл оптимизмге және сонан соң сәттілікке себеп болатын басты құраушылар.

Ливадьоти Стеллина l Медсестра - Evexia Ливадьоти Стеллина l Медсестра - Evexia

Ливадьоти Стеллина

Медбике

Оңалту үдерісі науқасқа күтім көрсету және оның қамын жеу бойынша халықаралық стандарттар сақталған, ал атмосфера жылулыққа, үйдегідей жайлылыққа және махаббатқа толы болғанда ғана тез әрі нәтижелі өтеді.

Скуртис Лукас l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia Скуртис Лукас l Терапевт (отделение физиотерапии) - Evexia

Скуртис Лукас

Терапевт (физиотерапия бөлімшесі)

Терапияның басты құраушысы «науқас-терапевт» ынтымақтастығы болып табылады, сонда ғана біз таңғаларлық нәтижелерге жетеміз. Мен әркез біз бірге қол жеткізген науқастың табыстарын мақтан тұтам.

Вики Кувелиоти l Отделение гидротерапии - Evexia Вики Кувелиоти l Отделение гидротерапии - Evexia

Вики Кувелиоти

Гидротерапия бөлімшесі

Емдік бассейн адамдарға жағымды әсер етеді, олар өздерін жақсы сезініп, өзіне-өзі сенімдірек болады. біздің науқаспен жақындастыруға және тез табысқа жетуге көмек береді.

Кирьякиду Фотини l Кухня - Evexia Кирьякиду Фотини l Кухня - Evexia

Кирьякиду Фотини

Асхана

Салауатты әрі дәмді тамақ қалпына келу үдерісінің барысына ықпал етеді. Сондықтан біз науқастарымыздың жеген тамақтарынан ләззат алуына тырысамыз. Біз олардан жақсы пікірлер естігенде – бұл біз үшін ең үлкен қуаныш.

Иконому Анастасия l Ресепшен - Evexia Иконому Анастасия l Ресепшен - Evexia

Иконому Анастасия

Ресепшен

Жылы шыраймен қарсы алу және сыпайы түрде сөйлесу, сондай-ақ нақты ақпарат пен еріп жүргендерге бүкіл құжаттаманы рәсімдеуде көмек беру. Мұның бәрі олар соншалықты қажет ететін сенімділік пен тыныштықты қамтамасыз етеді.

Тсиолас Милтос l Медбрат - Evexia Тсиолас Милтос l Медбрат - Evexia

Тсиолас Милтос

Мейіргер

Біздің ұранымыз – «біз қабырғалар емес, көпірлер  саламыз!» Өйткені, медициналық қызметкерлер мен науқас арасындағы өзара қарым-қатынас тез сауығуға алып келетін көпір болып табылады! Біздің міндетіміз – бұл әр минут сайын науқастың қасында болу!

Аивальотис Янис l Шеф - Evexia Аивальотис Янис l Шеф - Evexia

Аивальотис Янис

Бас аспаз

«Үйдікі сияқты» емес, шынында да, қамқорлықпен және махаббатпен әр науқастың бағдарламасына сай дайындалған үйдің, дәмді, салауатты тамағы. Тамақтану – бұл денсаулық пен оңалтудың негізі.

Гудзели Талья l Санитарное отделение - Evexia Гудзели Талья l Санитарное отделение - Evexia

Гудзели Талья

Санитарное отделение

Науқастар біздің мінсіз тәртіп пен тазалықты ұстау үшін барлығын жасап жатқанымызды көреді және түсінеді. Ол туралы бізге олардың жымиюы айтады.

Николаидис Лазарос l Водитель скорой помощи - Evexia Николаидис Лазарос l Водитель скорой помощи - Evexia

Николаидис Лазарос

Жедел жәрдем жүргізушісі

Адамдардың көздеріне қарап, олардың ризалығын көргенде, немқұрайлы болып қала беру қиын. Бізге ризашылық білдіру қажет емес, біз жай ғана өз жұмысымызды істеп жүрміз.

Галтсидис Спирос l Отдел международного пациента - Evexia Галтсидис Спирос l Отдел международного пациента - Evexia

Галтсидис Спирос

Халықаралық науқас бөлімі

Біздің мақсатымыз – бұл сіздердің мақсаттарыңызға жету. Сіздер сияқты біз де сіздердің табыстарыңыздан шабыт аламыз. Сен сеніп, тырысқанда бәрі де мүмкін.

X

X

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×