scroll down

Жоғарғы саусақтарды оңалтуға арналған роботтандырылған жүйе

Жоғарғы саусақтарды оңалтуға арналған роботтандырылған жүйе

Көбінесе инсульт алған науқастарға тағайындалады және жоғарғы саусақтардың қалпына келуіне себептеседі.

Жоғарғы саусақтардың қызметін қалпына келтіретін роботтандырылған жүйе дегеніміз не?

Бұл инсультпен ауыратындардың гемиплегиялық жоғарғы саусақтарының қимылдарын қайтадан үйрететін роботтандырылған технологиялардың инновациялық әдісі.

Ол неге негізделген?

Инсульт алған кезде мидағы қан айналымның бұзылуынан бас миының бір бөлігі зақымданады, нәтижесінде, зақымдану аймағында орналасқан ми жасушалары өліп қалады. Бұл дегеніміз, мұндай сәтте миға ақпарат жіберу тоқтайды. Алайда мидың оған бейімделуге мүмкіндік беретін тетігі болатыны байқалады, ол нейропластика деп аталады.

Нейропластика —  бұл тиісті ынталандыруды алған жағдайда мидың зақымданған бөлігінің айналасында орналасқан сау жасушалардың көрші жасушалармен қосылу, яғни, ақпарат жіберуді қалпына келтіру қабілеті.

Осылайша, басты мақсат зақымданған аймаққа тиісті ынталандыру арқылы әсер ету болып табылады. Бұл ынталандырулар қайталанатын функционалды қимылдар болып табылады және тек роботтандырылған жүйелер арқылы қол жеткізілетін нақты белгіленген тәртіпте орындалады.

Емнің маған лайықты екенін қалай түсінуге болады?

Роботтандырылған технологияларды пайдаланылатын ем гемиплегиялық жоғарғы саусақтардағы кіші және үлкен функционалды проблемалары бар барлық науқастарға кеңінен қолданылады.

Бұл ем қимылдау функциялары жоқ, зақымданған саусақтары автоматты роботтандырылған құрылғы көмегімен жұмылатын науқастардан бастап ішінара қимыл белсенділігі байқалатын науқастарға дейін оңалтудың барлық кезеңдерінде қолданылады, бұл дегеніміз, науқастың бақылауы мен күштері құрылғы әрекетінің есебінен жақсарады.

Құрылғының көптеген құрастырылған қимылдарды қысқа уақыт аралығында қайталап нақты орындау қабілеті осы роботтандырылған құрылғыны жоғарғы саусақтарды қалпына келтіру үшін мінсіз етеді.

Кәдімгі терапия кезіндегі сағатына 30-40 қимылдың орнына құрылғы 300-500 қайталанатын қимылға дейін жете алады. Қайталанатын қимылдардың көптігі және әсіресе, олардың нақты орындалуы жоғарғы саусақардың қызметін жақсартады.

Роботтандырылған жүйе әр адамның параметрлері мен ерекшеліктеріне сәйкес, жеке-жеке бағдарламалар әзірлеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі тиімді әдіс болып келеді.

Терапияның ұзақтығы қандай және қанша сеанс қажет?

  1. Стационарлы ем қабылдап жатқан науқастарға терапия күнделікті жасалуы мүмкін.
  2. Амбулаториялық науқастарға аптасына 2-3 рет сағаттық терапиялар көзделген.
  3. 15 сессия бойы аптасына 5 күн 2 сағаттан тұратын қарқынды емдеу бағдарламасы бар.

Ем алу үшін қайда жүгіну керек?

EVEXIA оңалту орталығы гемиплегиялық жоғарғы саусақтарды қайтадан үйрету үшін роботтандырылған жүйені пайдаланатын Грекиядағы алғашқы орталық болып табылады.

Аталған емдеу курсын алған біздің науқастарымыз терапияға өте риза болады, себебі, өздерінің денсаулықтарының жақсарғанын байқайды, сондықтан қайтадан қарқынды оңалту бағдарламасын қабылдайды.

Жаңа әдістің ең басты артықшылықтары

  • Оңалту уақытын қысқарту және үздік нәтижелерге қол жеткізу
  • Әр адамның ерекшеліктеріне қарай, жеке-жеке бағдарламалар құрастыру мүмкіндігі.
  • Оңалтудың басты элементі болып табылатын қимылдың нақтылығын қамтамасыз ету.
  • Бір сағат ішіндегі жүздеген қайталанатын қимылдар
  • Қимылдарды қайтадан үйрету кезіндегі жоғары нәтижелілік
  • Гемиплегиялық жоғарғы саусақтар бөлігіндегі ауырсынудың азаюы
  • Буындардың қимылдау ауқымының ұлғаюы
  • Түйілудің азаюы
  • Бұлшық ет тонусының жақсаруы
  • Шын уақытта науқастардың қимыл еліктемелерін экраннан көру мүмкіндігі.

Инсульттан кейінгі оңалтуда роботтандырылған технология көмегімен емделудің

Инсульт алған науқастар гемиплегиялық жоғарғы саусақтарды қалпына келтіруде қиындық көреді.

Бұл жоғарғы саусақтардың үйлестіруді қажет ететін мыңдаған қимылдарды орындауымен байланысты, ал инсульт салдарынан ол бұзылады.

Роботтандырылған жүйе жоғарғы саусақтарды гемиплегиялық оңалтудағы революциялық әдіс болып табылады және тез әрі лайықты емге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Записаться

X

X

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×