X

Орталықтың іргелі құндылықтары

  • жауапкершілік
  • қағидаларға беріктік
  • шығармашылық көзқарас
  • тиімділік
  • сапа
  • кәсібилік
  • жаңашылдық
  • топтық жұмыс

 

«ЭВЕКСИЯ» ОРТАЛЫҒЫ ЕҢБЕГІНІҢ МӘДЕНИЕТІ

 

  • Біз өз ісімізді жақсы көреміз
  • Тіпті, орталық қызметкерлері медицинаның әр түрлі бейінді салаларында маманданғанымен, олардың жұмылған жігері біртұтас міндетті шешуге бағытталған.
  • Әрбір науқастың клиникалық көрінісінің дара ерекшеліктеріне ерекше назар аударылған. Сол себепті, біз әр науқасты отбасы мүшесі ретінде қарастырамыз, бұл клиникалық көріністің бірегей бөлшектерін анықтауға көмек береді.

 

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІМІЗ

Біз ең жаңа ғылыми әзірлемелерді бақылауға және олардың ең үздіктерін орталық науқастарының пайдасына қолдануға міндеттенеміз. Біздің өз-өзімізді жақсартуға және медициналық қызметтер сапасын арттыруға деген талпынысымыз жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге итермелейді. Біз науқастардың өмір сапасына жағымды әсер ететін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысамыз.

Медицинские изыскания направлены на скорейшую реабилитацию

Егжей-тегжейлі зерделеу және клиникалық көріністі талдау оңалту іс-шараларының дараланған жоспарын әзірлеуге көмек береді.

  • Біз науқастардың клиникалық мәселелеріне және ең жақсы терапевтік нәтижелерге қол жеткізу үшін қолданымды ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне назарымызды қадай отырып, жұмыс істейміз.
  • Біз Еуропалық одақтың денсаулық сақтауды жақсарту бағдарламалары мен инновацияларына белсене қатысамыз.
  • Біз әр науқасқа арналған дара бағдарламалар әзілейміз.
  • Егде науқастарға жеке назар бөлінеді.
  • Біз науқастың тұрғылықты ортасында ұтымды қолданылуы мүмкін эргонометриялық шешімдер әзірлейміз.
  • Біз ғылыми-зерттеу ізденістеріне белсене қатысамыз, сондай-ақ жаңа оңалту әдістемелерін сынаймыз.
  • e–HEALTH және e–REHABILITATION электронды қызметтері қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ емделу саяхаттарына назар аударыңыздар