scroll down

Ересектерге арналған оңалтудың сипаттамасы

Ересектерге арналған оңалтудың сипаттамасы

Кешенді оңалту өмірді ұзартпайды, ол науқас пен оның жақындарының өмір сапасын жақсартады. Егер адам оңалту орталығы мамандарының бақылауымен қалпына келетін болса, оның белсенді өмірге оралу ықтималдығы еселеп артады.

«Эвексия» оңалту орталығы нейрооңалту және тірек-қимыл аппаратын оңалту салаларында маманданған. Жүрісі, моторикасы бұзылған, тік тұру қалпын сақтай алмайтын, мінез-құлық реакциялары мен психикасында клиникалық ауытқулары бар науқастар орталық аумағында оңалту емін қабылдай алады.

Оңалту неғұрлым ерте басталса, оның тиімділігі соғұрлым жоғары!

Қалпына келтіру үдерісіндегі уақыттың рөлі

Алғашқы 3 ай – бұл қалпына келу үдерісінің шыңы, бұл кезде белсенді оңалту жағдайында негізгі функциялардың 50% қайтару мүмкіндігі бар, келесі 3 айда бұл мүмкіндік 20-30%-ға және одан кейінгі 6 айда тағы 20%-ға кемиді.

Реабилитация для взрослых
Қалпына келтіру курсының ұзақтығы

Ұзақтығы мақсатқа және ауытқудың дәрежесіне байланысты, алайда алғашқы кезең – стационардан кейінгі ерте оңалту кешіктірілмей басталуы және белсенді түрде кемінде үш апта бойы жүргізілуі тиіс. Одан әрі курсты толық жазылғанша дейін қайталап (тоқсанына 1 рет) отыруға кеңес беріледі.

Отбасының қолдауы

Адамның қалпына келуінде жақын және туған адамдардың адамдардың қолдауы үлкен рөл атқарады. Сол себепті туыстар жақын адамының дертінің ерекшеліктері туралы білгені және науқасқа күтім көрсету машықтарына ие болғаны жөн. Оның тезірек сауығуы үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру аса маңызды.

«Эвексия» оңалту орталығында сіз стационарлы немесе амбулаториялық негізде емдеу курсын қабылдай аласыз. Сіздің денсаулық жағдайыңызға қарай, сіз екі нұсқаның бірін таңдай аласыз. Халықаралық науқас бөлімі сізге барлық ұйымдастырушылық тұстарда көмек көрсетеді.

X

X

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×