scroll down

Виртуалды шындық – оңалту медицинасындағы ең жаңа ноу-хау

«Виртуалды шындық» дегеніміз не?

Виртуалды шындық — бұл есептеу техникасы көмегімен құрылған жасанды орта, бұған қоса, науқас өзін құрылған орта ішінде сәйкестендіріп, өз денесін басқара алады. Бұл «ойдан шығарылған әлем» жалпы алғанда, шынайы әлемнің бейімделген нұсқасы. Виртуалды шындықты басқару жүйесі құрылған ортаға өзгертулер енгізеді және есеп-қисаптар жүргізеді, онда науқас шынайы өмірде жоқ заттарды кездестіре алады және бұл оның қимыл қыртысын ынталандыратын ойлау қызметін ынталандырады.

Бұл әдістеме инсульт кешкен науқастарды оңалтудың медициналық хаттамаларына жаңа есік ашады. Медицинадағы виртуалды шындық — бұл ойнау, сауық құру, жасанды құрылған әлем арқылы жүргізілетін ең жаңа оңалту әдісі. Науқастың бұл жаңа әлемі оны әрекет етуге итермелейді, меншікті қалыпқа келтіру ресуртарын оятып және сауығу жолына итермелеп, оның ішкі ресурстарын ынталандырады, барынша қанағаттанарлық нәтижелерді қамтамасыз етеді.

Виртуалды шындық нақты науқастың ыңғайына қарай оңай бапталады, ал бұл оңалтушыға әр науқасқа арнап сәйкестендірілген бағдарлама жасауға көмек береді. Бұл емдеу мен оңалту біріге жұмыс істейтін таңғажайып әлем.

Виртуалды шындық ессіз, түйсіктік және рефлекторлық әрекеттерге негізделген ықтиярсыз белсенділікті ынталандырады. Алайда ерікті қимылдар солай дамиды. Бұған қоса, виртуалды шындық мінез-құлық реакцияларына жағымды әсер етеді.

Сенсорлы жүйелерге белсенді шабуыл жасайтын сенсорлы ынталандырмалар бұлшықет түйіндерінің және тұтас бұлшықеттердің қысқартылуына әкеледі, олар жұмыс істеуге үйреніп қалады. Бұл бағыты бір бұлшық ет топтарының симбиотикалық белсенділігіне әкеледі, ол өз кезегіндеғ тепе-теңдікті қалпына келтіреді және проприорецепцияны қалпына келтіреді. Бұл жақсартулар гемиплегиялық зақымдану жағындағы белсенділікті қалпына келтіру үшін ерекше маңызды және пайдалы.

Виртуалды терапия бөлімшелері бүкіл әлемде бар.

Біреуі Чикаго қ. университетінде бар. Ескеретін жайт, чикаго бөлімшесінің бағдарламалық кодында виртуалды сахналар жасалған (мысалы, табиғат немесе қала, көлікте немесе жаяу жүргіншілер жолында), осылайша науқас әр түрлі сахналардағы тітіркендіргіштерге (нысандар) жауап қайтаруға тура келеді.

Қане, осы жаңа оңалту технологиясының артықшылықтарын бірге егжей-тегжейлі зерттейік.

  • Оңалтылатын науқас мұқтаждықтары үшін виртуалды шындық жасау технологиясы нақты науқастың қажеттіліктеріне қарай тамаша бейімделген орта жасауға мүмкіндік береді, бұл дербес жаттығулар топтамасын әзірлеуге мүмкіндік береді, тіпті жаттығулардың өзі нақты науқастың патологиясын ескере отырып жасалған.
  • Технология жаттығулар жинағын және әр жаттығудың күрделілігін оңайлықпен өзгертуге мүмкіндік береді.
  • Басқаша айтқанда, виртуалды әлем дәл сол науқас үшін жасалған ойдан шығарылған әлеммен, виртуалды шындық әлемімен науқасты біріктіре отырып, интерактивті түрде жұмыс жасайды және ол әлем, кім үшін жасалса, сол адаммен сөйлеседі.
  • Виртуалды шындық оңалту технологиясы науқастың көрсеткіштерін өлшеуге және оңалту үдерісінің динамикасын егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік береді.
  • Виртуалды орта науқасқа қарай икемдене отырып, біршама тез үйретіледі және бұл оңалту үдерісін біраз ширатып, оған өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді.
  • Виртуалды әлем жасауда ойын ортасының терапиялық қыры пайдаланылаған.
  • Ойындық орта науқасқа жаңа ортаны танып-білуге көмек бере отырып, оны көрсеткіштерді жақсартуға итермелей отырып, оны қалыпқа келуге жақындата отырып, ынталандырады.

Бұл жаңа технология қауіпсіз ортада қолданылады және науқасқа жаңа терапиялық тәжірибе береді. Виртуалды оңалту жүйесі — бұл оңалту медицинасы саласындағы жаңа, озық құрал.

Төменде көрсетілген технологиялардың бәрі технологиялық жаңашылдықтар болып табылады:

  • Транскраниалды миды ынталандыру
  • Жүруді үйрететін роботтандырылған жүйелер
  • Жоғарғы саусақтарға арналған роботтандырылған жүйелер
  • Виртуалды шындық оңалту жүйесі

Жаңалықтары

X

X

×
contact form




Имя*

E-mail*

Тема

Сообщение

×